Донорларды қабылдау: күн сайын 8:00-дан 17:00-ге дейін
14–15 қараша 2025 жылы Үндістанның Мумбаи қаласында 🇮🇳 өткен Трансфузиялық медицина жөніндегі Азиаттық қауымдастықтың ХХ Халықаралық конгресі және ААТМ–ААВВ-ның 5-ші бірлескен отырысы аясында біздің орталықтың өкілі, РМҚК «Трансфузиологияның ҒӨО» Стратегиялық және инновациялық даму басқармасының басшысы, ААТМ Қазақстандық елдік бөлімшесінің Төрағасы Уалиев Сабит Дарханович Қазақстан қан қызметінің жұмысы туралы баяндама жасады 🩸🇰🇿
Бұл – еліміздің донорлық және трансфузиялық медицинадағы тәжірибесін халықаралық деңгейде таныстыруға бағытталған маңызды қадам 🌍✨