Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қаң қызметіндегі республикалық референс-зертханасы


Қан қызметінің Республикалық референс-зертханасы (ҚҚРЗ) өз құрамына 3 бөлімшені қосады:

I.Трансфузиялық инфекцияларды зертханалық зерттеу бөлімі (ТИЗЗБ);

 

II. Қанның иммунобиологиялық және клиникалық-биологиялық зерттеу бөлімшесі (ҚИжКБЗБ).

III.Сапаны сырттай бағалауды ұйымдастыру бөлімшесі (ССБҰБ)

 

Референс зертханасының міндеттері мен функциялары

Референс  зертханасының негізгі міндеттері:

 

1.Медициналық зертханалардың сапасы саласындағы халықаралық және мемлекеттік стандарттардың талаптарын сақтай отырып зертханалық зерттеулер жүргізу;

2.Қазақстан Республикасы қан орталықтары зертханаларының және медициналық ұйымдардың трансфузиология бөлімінің біліктілігін тексеру бағдарламасын іске асыру;

  1. ҚР СТ ISO 15189:2015, ГОСТ ISO/IEC 17043-2013;

талаптарына сәйкес менеджмент жүйесін жүргізу;

  1. Даулы және диагностикалық қиын жағдайларда сараптамалық және зертханалық зерттеулер жүргізу;
  2. Жаңа зертханалық зерттеу әдістерін тексеру;
  3. ТҒӨО білім беру және ғылыми жобаларына қатысу;
  4. Өз құзыреті шегінде ұйымдық және әдістемелік көмек көрсету;
  5. Өз құзыреті шегінде қызмет тұтынушыларға кеңес беру.

 

ҚҚРРЗ қойылған міндеттерге сәйкес келесі функцияларды орындайды:

 

  1. Донорлық қан мен оның компоненттерін қолданыстағы регламенттеуші құжаттарға сәйкес келесі зерттеу түрлері бойынша зертханалық зерттеу:
  • биохимиялық;
  • клиникалық;
  • иммуногематологиялық;
  • серологиялық (жұқпалы аурулардың маркерлері);
  • молекулалық-генетикалық зерттеулер (полимеразды тізбекті реакция);
  1. Келесі салаларда ақылы қызметтерді көрсету:
  • зертханалық зерттеулер;
  • сенсибилизацияланған науқастар үшін донор қанын жеке таңдау;
  • топтық және резустық тиістілігін консультативтік анықтау;
  • сенсибилизацияланған жүкті әйелдерді динамикалық бақылау;
  • біліктілік тестілеу бағдарламасын жүргізу;
  1. Бақылау үлгілерінің нәтижелерін күнделікті бақылау арқылы жүргізілетін зерттеулердің сапасын қамтамасыз ету;
  2. Зертхана жұмысының негізгі бағыттары бойынша сыртқы сапаны бағалау бағдарламаларына қатысу;
  3. ҚР СТ ИСО 15189:2015, ГОСТ ИСО/МЭК 17043-2013 талаптарына сәйкес құжат айналымын жүргізу және тиісті зертханалық тәжірибе принциптерін сақтау;
  4. Қазақстан Республикасының қан қызметі саласында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың зертханалары жүргізетін зертханалық зерттеулердің біліктілігін тексеру бағдарламасын ұйымдастыру және іске асыру.
  5. Қан қызметіндегі зертханалық зерттеулердің сирек кездесетін және жаңа әдістерін сынау, оның ішінде жоғары технологиялық әдістер мен жабдықтарды қолдану.
  6. Қазақстан Республикасының қан қызметінде зертханалық зерттеулердің сапасын бақылауды ұйымдастыру бойынша нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеу.
  7. Қан қызметі ұйымдары зертханаларының қызметіне тәуелсіз аудит жүргізуге қатысу, оның ішінде олардың сапаны сыртқы бағалау бағдарламаларына қатысу нәтижелерін талдау.

Зертхана тұтынушылардың талаптарына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленген аккредиттеу ауқымында жоғары сапалы қызмет көрсетеді.

 

Зертханада зертханалық зерттеулерге қатысатын барлық қызметкерлер менеджмент жүйесі бойынша құжаттамамен таныс және өз жұмысында белгіленген саясаттар мен процедураларды үнемі сақтайды.

 

Зертхананың сапа саласындағы негізгі басымдықтары:

 

  1. Зертхананың негізгі міндеттеріне сәйкес зерттеулер жүргізу кезінде объективтілікті, сенімділікті және бейтараптылықты қамтамасыз ету;

2.Тиісті кәсіптік тәжірибе қағидаттарын сақтау және ҚР СТ ИСО 15189:2015, ГОСТ ИСО/МЭК 17043-2013 стандартының талаптарын сақтау;

  1. Персонал жұмысын басқару жүйесін жетілдіруге және олардың кәсіби білімін арттыруға бағыттау;
  2. Ақпараттың құпиялылығын және тұтынушылардың мүліктік құқықтарын, оның ішінде электрондық сақтауды қорғау және зерттеу нәтижелерін беру рәсімдерін қамтамасыз ету.

 

Жаңалықтар