Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Трансфузиологияның өзекті мәселелері

2015 жылғы 2 сәуірде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында «Трансфузиологияның өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға халықаралық ұйымдар қатысты – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Трансфузиологтардың ресейлік ассоциациясы мен АҚШ, Бельгия, Германия, Түркия қан қызметінің жетекші сарапшылары.
Конференцияда қазіргі трансфузиология үшін өзекті және қан қызметінің мамандары үшін ғана емес, клинисцист дәрігерлері, денсаулық сақтау ұйымдастырушылары, ғылыми қызметкерлер үшін қызықты болатын мәселелердің ауқымды шеңбері қаралды.
Конференцияны кіріспе сөзбен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазақстандағы кеңсесінің басшысы Мелита Вуйнович ашты.
Конференция барысында ТҒӨО директоры Ж.Қ. Бүркітбаевтің «ҚР қан қызметін дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы» атты баяндамасысы тыңдалды және «Трансфузиологтар қоғамы» ҚБ презентациясы ұсынылды. Осы бірлестік «Трансфузиологтардың ресейлік ассоциациясы» мен «ISBT» халықаралық ұйымдарының баламасы болатынын атап кету керек. Бірлестіктің қызметі өндірістік пен клиникалық трансфузиологияның және ҚР-да ерікті өтеусіз қан донорлығын дамытудың стратегиялық бағыттарында шоғырланатын болады. Бұдан басқа, шақырылған қонақтар шетелдік орталықтарда пайдаланылатын тәжірибемен және тиімді әдістерімен бөлісті, бұл болса отандық қан қызметін одан әрі жетілдіру үшін үлгі болады.
Өткен конференция қан қызметін дамытудың басымдықтарын анықтады және қанды мен оның компоненттерін дамыту үшін жаңа міндеттерді қойды.