Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Тәуелсіз Қазақстанға – 25 жыл!

Бүгін Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған ресми салтанатты жиын өтті.

Осы жылы барша қазақстандықтар үшін атаулы оқиға, біздің еліміз – Қазақстан Республмкасы Егемендігінің 25-жылдығын атап өтуде. 1991 жылы 16 желтоқсанда Конституциялық “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылданды.

25 жылдың ішінде барша қазақстандықтар Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Респбликасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жариялы түрде динамикалық дамушы, жаңашыл мемлекет қалыптастыру жолында еңбек етіп жатыр.

Бүгінде Қазақстан әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына кіріп, ТМД елдері ішінде жаңару мен дамудың көшбасшысы болып отыр. Бұл туралы бүгінгі Орталық ұжымының қатысуымен өткен салтанатты жиында сөз қозғалды.

Салтанатты өткен жиында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мерейтойына орай отандық қан қызметінің дамуына қомақты үлес қосып, еңбегі еленгендерге ресми түрде наградалар тапсырылды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен Бибеков Жарас Жанұзақұлы, Савчук Татьяна Николаевна, Абдрахманова Сания Алишқызы, Тарасова Наталья Александровна, Мусабекова Шайжамал Жаксылыққызы, Бүркітбаев Жандос Қонысұлы марапатталды.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкері – Исмаилова Гүлнар Акімжанқызы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және Оспанова Мадина Ералықызы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерінің иегері болды.

Сонымен бірге Басова Надежда Сергеевнаға Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мақтау қағазы тапсырылды. Ал Ли Татьяна Михайловнаның еңбегі бағаланып Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы атынан Құрмет грамотасымен, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлерінің Астана қалалық филиалының атынан Бимагамбетова Толқын Сатайқызы, Каппарова Алтыншаш Саханқызы және Сағындықова Кенжегүл Шанкібайқызы Құрмет грамотасымен марапатталды.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған салтанатты жиынның әсерлі сәттерінің бірі алғашқы реципиент болып жүрегі трансплантацияланған, қазіргі уақытта «Өмір тынысы» Қоғамдық бірлестігін басқаратын Жәнібек Оспановпен кездесу болды. Ол жүректі трансплантациялау кезінде ауыр отаның табысты жасалуына қатысқан ТҒӨО қызметкерлеріне алғысын білдірді. Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының

трансплантациялау бойынша координаторы Сәуле Шайсұлтанованың қолынан иммунологиялық типирлеу бөлімінің (HLA) меңгерушісі Аида Тұрғанбекова «Алғыс хат» алды.