Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қан қызметінің заманауи технологиялары

Осы жылдың 7-8 маусымында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында қан қызметінің заманауи технологиялары мәселелері бойынша оқу семинары өтті.

Семинардың тыңдаушылары – Республикалық және өңірлік қан орталықтары мен Алматы қаласы қан орталығының дайындау бөлімінің мамандары болды. Семинарға қатысушылар қан дайындаудың тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру және қан дайындау үрдісін оңтайландыруға мүмкіндік беретін қан қызметінің заманауи технологияларымен танысты.

Семинар қан қызметінде қолданылатын заманауи жабдықтар өндіру бойынша әлемдік бренд болып табылатын «Optonic», «Terumo BCT», «Cinopharm», «Haemonetics» бірнеше жетекші өндіруші компаниялардың өкілдерімен, сондай-ақ, отандық дистрибьютерлерік компаниялардың өкілдерімен ұйымдастырылды.

«Қан дайындауды дамытуды оңтайландыру, қауіпсіздігі және келешегі» тақырыбы ерекше қызығушылық тудырды.

Семинар барысында «TRIMA ACCEL» қан айырғышты пайдалану тәжірибесімен Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының маманы семинарға қатысушылармен бөлісті. Жаңа алынған қанды қайта дайындауда озат технологияны автоматтандыру туралы Terumo BCT, EMEA компаниясының маркетинг бөлімінің менеджері Энди Волкарт баяндады. Сонымен бірге қан және оның компоненттерін жинаудың заманауи әдістері, MCS+ тромбоциттерді жинаудың жаңа алгоритмі, жабық жүйедегі PCS-2 лейкоредукцияланған плазманы жинау мәселелері кеңінен талқыланды. Глицеролизациялау, деглицеролизациялау және басқа да эритроциттерді жуу үшін қолданылатын жабдықтарда жұмыс жасау бойынша мастер-класс өткізілді.