Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
2012 жылғы 12 желтоқсанда Республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының базасында халықаралық қатысумен «Қазақстан Республикасының қан қызметін дамытудың қазіргі заманғы аспектілері» атты республикалық конференция өтті. Конференцияға: Қазақстандағы ДСҰ өкілдігінің басшысы Мелита Вуйнович, сондай-ақ республиканың қан қызметінің мамандары, клиникалық трансфузиологтар, ТМД қан қызметінің өкілдері қатысты.
Трансфузиялық терапияның сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, ерікті өтеусіз донорлықты дамытудың, сүйек кемігі донорларының тіркелімін жасаудың, сондай-ақ қан донорларына төленетін ақыны жоғарылатудың өзекті мәселелерін талқылау конференция өткізудің негізгі мақсаты болды .