Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

ҚазМЗУ университетінде «Қан тапсырып адам өмірін сақтап қал» атты жыл сайынғы акциясы өтті

2019 жылғы 3 қазанда дәстүр бойынша Қазақстанда қан донорлығын насихаттауға және қолдауға бағытталған «Қан тапсырып адам өмірін сақтап қал» атты жыл сайынғы акциясы өтті.

Ұйымдастырушылары ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК бірге Нұр-Сұлтан қаласындағы Македония Елшілігі және М. С. Нарықбаев атындағы ҚазМЗУ университетіндегі Академиялық дипломатиялық клубы болды.

Македония елшілігі бес жыл бойы ТҒӨО-мен ынтымақтасып, қан тапсыру акциясын өткізеді. Шараға Марокко Корольдігінің елшісі Абделжалил Саубри, ҚазГЗУ университетінің ұжымы мен студенттері қатысты.

Барлығы 54 адам қан тапсырды, барлық қатысушыларға сыйлықтар мен тәтті тамақтар, сондай-ақ ағзаны қалпына келтіру үшін 0.25 АЕК (630 тг.) көлеміндегі өтемақы берілді.

Қан адам денсаулығының маңызды элементі екені баршамызға мәлім. Донорлық қан сағат сайын, минут сайын қажет болады және заманауи және техникалық жағынан толық жабдықталған бір де бір қан қызметі донорларсыз мұқтаж пациенттерге көмек көрсете алмайды. Сондықтан донорлық қан қашан болса да керек.

Көптеген елдерде қан донорлығын дамытуға ерекше кһңіл бөледі және де бұл тексерудің біреше кезеңінен өтетін қан тапсырудың нақты рәсімдері бойынша өтеді.

«Осы дәстүр өзгелерге үлгі болады деп үміттенеміз».

 

Жаңалықтар