Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Үстіміздегі жылдың 12 мамырында «Еуразиялық тобы» (Еurasian Resours Group) ЖШС-ң астаналық офисінде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының (ТҒӨО) көшпелі тобының ұйымдастыруымен Донор күні өтті. Не барлығы 36 донордан 16,2 литр қан алынды.
ТҒӨО сайт редакциясының сұрақтарына «Еуразиялық тобы» ЖШС (ERG) еңбек қатынастары мониторингі және әлеуеттік жұмыс бөлімінің бастығы Наталья Габибова мәлімдегені:
Анықтама: Еуразиялық тобы өзінің тарихын 1994 жылы, Қазақстан Республикасы аумағында компания акционерлері бірінші активті сатып алғаннан бастады. Содан бері ERG табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы жетекші әртараптандырылған компания болды.
Еуразиялық тобының негізгі бағыттары: минералдық ресурстарды өндіру және өңдеу, металлургия, энергетика, логистика,машина құрастыру және басқалар. Компания Қазақстан Республикасы аумағында келесі өндірістік активтерді басқаруды жүзеге асырады: Қазхром ТҰК, «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКБӨБ), Қазақстан Алюминий, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуразиялық энергетика корпорациясы (ЕЭК), Шұбаркөл көмір және «ТрансКом» ЖШС, еліміздің т.б. ірі кәсіпорындары.