Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
2018 жылғы 27 қаңтарда КазМедТех» АҚ мен «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен «Донорлық сенбі» күні өтті.
Бұл акционерлік қоғам ұйымдастырған мұндай сипататғы алғашқы шара емес, былтыр компания ұжымының 5 адамы өтеусіз қан доноры болды.
Бүгін Басқарма төрағасы Нұрмаханов Тұрсын Амантайұлының қатысуымен ұжымдағы 8 адам Астана қаласы № 2 ауруханасының пациенті Байбекова Айтбала Сағындыққызы үшін қан тапсыру ниетін білдіріп, белсенді азаматтық позициясын көрсетті.
Тұрсын Амантайұлы ақционерлік қоғамның ұжымы Қазақстандағы донорлықты жан-жақты қолдайтынын және донор болған қызметкерлері үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес барлық жағдайды жасайтынын, келешекте мұндай қайырымдылық акцияны қолдайтынын айтты.