Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Халықаралық әйелдер күніне орай трансфузиология ғылыми–өндірістік орталығына атақты қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин келді.
Белгілі қазақстандық спортсмен Илья́ Александрович Ильин — қазақстандық зілтемірші, үш салмақ категориясындағы төрт дүркін әлем чемпионы бүгін 2018 жылғы 7 наурыз күні «10 мейірімді іс» жастар жобасының шеңберінде, сондай-ақ «Жастар арасындағы донорлық» атты акцияны қолдау мақсатында Астана қаласының Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында донор ретінде қан тапсырды.
Акцияның мақсаты — қоғам назарын республикада ерікті өтеусіз донорлықты дамыту мәселелеріне аудару.
Өміріміздегі ең мейірімді миссиямыз – бұл қан донорлығы. Өзгенің өміріне араша түсі үшін өз бөлшегімен бөлісу – игі іс.
Донорствлық – әр адамның азаматтық парызы!
Ильяның Орталыққа келуі 8 наурыз мерекесіне орай тосын сый болды.
Илья Ильинге зор денсаулық тілейміз және спорттағы жетістіктер үшін үлкен алғыс білдіреміз!
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы Инстаграмм Фейсбук және Вконтактідегі Астанадонор парақшаларында қажетті қан топтары туралы ақпаратты
күн сайын жариялайды.
Мекенжайымыз: Керей, Жәнібек хандар көшесі, 10.