Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Үздік донорларға Денсаулық сақтау министрлігінің төсбелгісі табысталды

14 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қан доноры күні атап өтіледі. ДДҰ-ның мойындауы бойынша бұл іс-шараның мақсаты бүкіл әлемнің қан құю үшін қауіпсіз қан мен оның компоненттеріне қажеттілігі туралы, сондай-ақ ұлттық денсаулық сақтау жүйелері үшін өтеусіз ерікті қан донорлығының маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру болып табылады. Бұл күн үкіметтер мен ұлттық денсаулық сақтау органдарын тиісті ресурстарды қамтамасыз етуге және өтеусіз ерікті қан донорлығын кеңейту үшін жүйелер мен инфрақұрылым құруға шақыруға себеп болады.

Бүгін Дүниежүзілік донор күніне орай Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында (ТҒӨО) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін алған қан донорларына құрмет көрсету іс-шарасы ұйымдастырылды. Мұндай төсбелгі 40-тан астам рет қан тапсырған адамдарға беріледі. Іс-шара елордалық қан орталығының аумағында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, «EiraMed» ЖШС, Нұр Отан партиясы «Бірлік» филиалының, Қызыл Жарты Ай Қоғамының қолдауымен өтті. Марапатқа ұсынылған әрбір донор естелік сыйлықтар алды.

Жыл сайын Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы осындай іс-шаралар өткізеді, ал ТҒӨО Road brothers мотоклубымен бірлесіп дәстүрге айналған мотошеруді ұйымдастырады. Елордалық байкерлер қуана донорлықты насихаттауға шақырады.

Айта кету керек, Қазақстанда 200 мыңнан астам адам және 18 мыңға жуық адам үш және одан да көп рет қан тапсырады. Өтеусіз донорлар, еріктілер, елорданың ұйымдары мен кәсіпорындарының барлық ұжымдары өтеусіз донорлықтың дамуына өздерінің баға жетпес үлестерін қосады.
Қауіпсіз қан мен оның компоненттері медициналық көмек пен қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өткен жөн. Мұндай жұмыс күн сайын миллиондаған адамдардың өмірін құтқаруға, көптеген пациенттердің өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондықтан, оған мұқтаж әрбір адамның қауіпсіз қанға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін елдерде қанды тұрақты, ерікті және өтеусіз тапсыруға дайын донорлар болуы қажет.
COVID-19 пандемиясының азаматтар үшін шектеу шаралары бөлігінде қан қызметінің жұмысына өз түзетулерін енгізгеніне қарамастан, Қазақстанда да, көптеген елдерде де донорлар қан орталықтарына баруды және оған аса мұқтаж пациенттер үшін қан тапсыруды жалғастырды.

2021 жылғы Дүниежүзілік қан доноры күнінің ұраны – «Сдавайте кровь, пусть в мире пульсирует жизнь». Бұл бүкіл әлемдегі көптеген адамдардың үнемі қан тапсыруға және денсаулығын жақсартуға жаһандық үндеулерін күшейтеді.

Жаңалықтар