Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
28 қарашада Қазақ гуманитарлық заң универститетінің (одан әрі ҚазГЗУ) ғимаратында «Біздің сыйымыз -өмір жолына» деген атаумен донорлық акциясы өтіп, онда Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының көшпелі тобы жұмыс істеді.
Шараны өткізудің басты мақсаты – адам өмірін сақтау үшін ерікті өтеусіз қан донорлығын насихаттау.
Қайырымдылық шарасын өткізуге бастамашы болған Қазақстандағы Македония Республикасының елшісі Илья Псалтыров болды. Ол өзінің берген сұхбатында Қазақстанға елші болып келгеннен бергі ҚазГЗУ оқытушы-профессорлары мен студенттер құрамымен өткізген екінші донорлық акциясы екенін жеткізді.
– Менің 2 жылға жуық тұрып және қызмет жасап жатқан Қазақ елін өзім үшін жат ел деп санамаймын. Және де Қазақстан Республикасы егемендігінің 25-жылдық мерейтойына орай осы идеяны ұсындым. Әрине мені Сыртқы істер министрлігінде, Трансфузиология орталығы мен жастардың қолдағанына қуаныштымын. Осы қайырымды дәстүрді сақтап қаламыз деп үміттемін.
Өзінің әріптесін Қазақстандағы Иран Республикасының елшісі Дамирчилу Моджтаба да қолдап, қан тапсырды.
Қан доноры күні Академиялык дипломатиялық клубтың жұмысы шеңберінде «Астана қаласының Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету Басқармасының қолдауымен өтті. Іс-шараға дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдарының және студенттер мен университет ұстаздарының қатарынан 46 адам қатысты. Әсіресе студенттік жастар ерекше белсенділік танытты.
Жас донорлар қатарында туған күн иесі -2 курс студенті, Индира Жумабаева да қан тапсырды. Біздің сайт редакциясымен бөліскен ол, өмірінде бірінші рет қан тапсырып тұрғанын, соған қарамастан мүлдем қорықпай тұрғанын жеткізді.
– Керісінше, менің қаным біреуге қажет болады деген ой мені қанаттандырады. Егер ол жарамды болып табылса, мен Сіздердің Орталықтарыңыздың тұрақты донорларының бірі болуға дайынмын. Келешекте менің әр тұған күнім донорлықпен ассоциаланады – деді ол, редакциямызғы берген сұхбатында. Трансфузиология гылыми-өндірістік орталығының атынан Индираға силық тапсырылды.
Өткізілген акция салтанатты түрде өз мәресіне жетіп, университет ректоры Талғат Нарықбаевтың қолына қолдау көрсетіп және жақсы ұйымдастырған үшін Македония Елшілігінің атынан сертификат тапсырылды.