Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Жолдаудың басым бағыттары талқыланды

Елімізде болып жатқан басты  саяси оқиға  – Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Жолдауы  болып отыр

Елбасы өз Жолдауын халыққа жыл сайын  арнап отырады.  Қазақстанның халқымен  бірге Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы еліміздің  алдағы уақытта   дамуын айқындайтын маңызды  құжатты кеңінен талқылады.

Астана қалалық Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Төлеген Кунадиловтың ұжыммен кездесуі барысында Жолдаудың негізгі қағидалары мен бағыттары жайында сөз қозғалды.  Еліміздің барлық азаматтарын шынайы толғандыратын Жолдаудағы тақырыптар, нақты жоспарлар  мен айқын тапсырмалар  талқыланды.

Денсаулық сақтау мәселесі туралы – «Осы жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі, бұл мемлекеттің және жұмыс беруші мен азаматтардың ынтымақты жауапкершілігіне негізделген. Медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары жоғары деңгейлі кең медициналық қызмет ұсынатын болады. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекет қолдау жасайды»,-  деп Елбасы  атап өткен. Сонымен қатар       Президент атқарушы билік органдары алдына денсаулық сақтаудың барлық жүйесін ақпараттандыруды қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойып отыр.

– Конституция негізін реформалау елімізді одан әрі демократияландырудың маңызды қадамдарының бірі болып отыр.Мемлекетті басқаруға қатысудаел азаматтарының ұсыныстарын білдіру деңгейі жоғарлай түспек. Осыған орай,  жобаға  өзгерістер енгізу,  талқылау  оң күш беретін сіздердің ұсыныстарыңызды қабылдап және оны одан әрі ұсынуға  дайынбыз», – деп аяқтады өз сөзін кәсіподақ көшбасшысы.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз мемлекетінің дамуына қатысу маңыздылығын түсінуі қажет екені  атап өтілді.

Жаңалықтар