Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қан тапсырып, өз туған күнін атап өтті

Астана тұрғыны Иманқұлов Азиз тек жай күні ғана емес өзінің туған күнінде Трансфузиология ғылыми – өндірістік орталығына келіп донор болды. Оның айтуынша оның қаны сирек кездесетін қан тобына жатқандықтан 6 жыл қатарынан әлеуетті қан доноры және плазма доноры болып келеді.

-Мен үшін туған күнімде қан тапсыру дәстүрге айналды. Туған күнімде көмекке мұқтаж адамдарға өмір сыйлап, өз қаныммен бөлісіп жақсылық жасағым келіп тұрады. Сонымен қатар мен әлеуетті донор қатарында қала беруге бел будым. – деп атап өтті.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының ұжымы Иманқұлов Азизге зор денсаулық тілеп туған күнімен құттықтады және ұзақ жылдар бойы қанымен бөлісіп, өзінің отандастарының өмірін құтқарып өтеусіз донор болып келе жатқанына алғысын білдірді.

Әлеуметтік қолдаушылар – Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма және М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрларының атынан қойылымдарына билет ұсынлып, «Саламат» елордалық дәріхананың тауары туған күн иесіне сыйға тартылды.

Жаңалықтар