Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

“Халықтарды біріктірген мемлекет” эссе конкурсының қорытындысы

Орталық 2017 жылғы 30 қараша мен 14 желтоқсан аралығында тәеуелсіз мемлекеттегі қазақ тілінің рөліне арналған «Халықтарды біріктерген мемлекет» тақырыбында (эссе) сырттай республикалық конкурсты жариялаған болатын. Конкурсқа өңірлік қан орталықтарының өзге ұлт өкілдері қатысты. 2017 жылғы 20 желтоқсанда комиссия мүшелері жұмыстарды бағалау өлшемдері бойынша талдап, жеңімпаздарды анықтады.

Қонкурс қорытындысы бойынша мынадай жеңімпаздар анықталды:

І орын – Сабир Усуфович Мустафаев (40 балл; «Республикалық қан орталығы» РМК);

ІІ орын – Ирина Андреевна Шаменко (34 балл; «Семей қаласының қан орталығы» МКҚК);

ІІІ орын – Лариса Олеговна Тюлебаева (Анциферова) (28 балл; Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК);

ІІІ орын – Марина Олеговна Сапунова (28 балл; Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК).

Жеңімпаздар мадақтамамен шағын сыйлықпен, ал барлық қалған қатысушылар қатысу сертификаттарымен марапатталады, сондай-ақ бірінші орын алған жеңімпаздың жұмысы «Қан қызметінің журналы» атты журналының 2018 жылғы алғашқы нөмірінде жарияланатыны жоспарлануда.

Орталық ұжымы жеңімпаздарды шын жүректен құттықтайды, барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

Жаңалықтар