Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Сот қызметкерлері «Қан тапсыр» атты акциясының шеңберінде қан тапсырды

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары мен сот мамандары «Қан тапсыр» атты акциясының шеңберінде қан тапсырды. Сот төрағасының міндетін атқарушы К.М.Мекемтас басқа мемлекеттік қызметшілерге үлгі ретінде сот мамандарымен бірге қан тапсырды. Сот мамандарының айтуынша: «Қан тапсырып, донор болу әр адамның қолынан келетін іс. Бұл қандай да бір дертке ұшыраған адам өміріне үміт сыйлайтын игілікті бастама».

Жаңалықтар