Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Аруханалар күн сайын қан компоненттеріне мұқтаж болады

Аруханалар күн сайын қан компоненттеріне мұқтаж болады, Трансфузиология орталығы емдеу жолында қан компоненттерін қажет ететін қаладағы барлық медициналық мекемеллерді қамтамасыз етеді. Қан шектеулі уақыт қана сақталғандықтан, Орталық донорлық қанды тұрақты негізде дайындайды.
Орталық қызметкерлері қала ұйымдарында көшпелі акцияларды ұйымдастырады. Осылайша, ТҒӨО «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» ШЖҚ РМК бірлесе отырып, кезекті донорлық акцияны өткізді.
Акцияға шамамен 70 адам қатысты. МТБ ӘҒД директоры Н.Р.Қаржауов қызметкерлеріне донор болу құрметті атақ екенін көрсетіп, бірінші болып қан тапсыруға келді.
#мендонормын #астанадонор##донор #donor #қанорталығы#донорнұрсұлтан