Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Адам өмірін құтқару үшін қан тапсыру.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы Астана медицина университетімен бірге «Медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі және «АМУ» КЕАҚ @amu_mua_official Жастар орталығы бірлесе отырып, кезекті ерікті, қайырымдылық «Донор күні» атты акциясын өткізді.
Акция барысында студенттер ғана емес, сонымен қатар университет қызметкерлері де ерікті, өтеусіз донор болды, еріктілер арасында тұрақты донорлар және бірінші рет тапсырғандар да болды.
#қандоноры
#қанорталығы
#астанадонор
#рахметсізгедонор