Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
«Астана – АЭК» АҚ-да жыл сайынғы «Өмірді сақта, донор бол-басқаға өмір сыйла» донорлық акциясы өтті.
Акцияға келгендердің барлығы алдымен өздері туралы, өмір салты және өткен аурулары туралы мәліметтермен сауалнамалар толтырды, терапевтпен тексеруден өтті, оның ішінде қан қысымын, жүрек соғу жиілігін өлшеу, теріні тексеру. Содан кейін әлеуетті донорлар қан тобын, резус- факторын, гемоглобин деңгейін анықтау үшін алғашқы зертханалық зерттеулерден өтті.
Жыл сайын акцияға келіп, өз қанын басқа адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін тегін тапсыратын еріктілер саны артып келеді. Акцияға барлығы 88 адам қатысты.
@astanarec