Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Бүгін 2019 жылғы 16 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы Қазақсан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен және Қазақстан Рсепубликасындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдігімен бірге жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтілетін Жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күніне арналған «Қан тапсыр, өмір сыйла!» атты акция өтті.
Іс-шара барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Тұрақты өкілі, доктор Олег Честнов, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Сәния Әлишқызы Әбдірахманова және Нұр-Сұлтан қаласы Қазақсан халқы Ассамблеясының бас маманы Галина Владимировна Кобзева сөз сөйлеп, келгендерге алғыс білдірді.
Анықтама үшін: Дүниежүзілік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күні – БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша 2005 жылдан бастап, жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі (№ A/RES/60/5 резолюциясы).
2005 жылғы 6 қазанда Бас Ассамблея өз резолюциясы арқылы БҰҰ мүше-мемлекеттеріне және халықаралық қауымдастыққа осы күнді Жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу, сондай-ақ ЖҚО түскен адамдарға өз мүмкіндігімізше қандай көмек көрсете алатынымыз туралы ойлану үшін «Дүниежүзілік күн» деп атауды ұсынды.
Донор болу – біреуге өмір сүру мүмкіндігін сыйлау дегенді білдіреді. Өйткені, қан азаматтар денсаулығының өте маңызды элементі екені мәлім.
ЖҚО зардап шеккен гематологиялық, онкология, реанимация, хирургия, транспланттау, күйік, босандыру және т.б. бөлімшелерінің пациенттеріне қан құю ара қажетті шара болып табылады.
Тұрақты түрде қан тапсыру донордың денсаулығы үшін өте пайдалы, қан өңдіруді ынтыландыратынын және де өмір ұзақтығына оң әсер ететінін атап кеткеніміз жөн.
Акцияға әртүрлі жастағы 60-тан астам адам қатысты, олардың 40-қа жуығы ерікті донорлар қатарын толықтырды.
Акция елордалық Достық үйінде сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін өтті және де әрбір адам пациенттердің өміріне араша түсу үшін донорлық қозғалысқа қатыса алды.