Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

ҚР ҚМ №55765 ә/б «Донор бол, адам өмірін сақтап қал!» атты донорлық акцияны қайта ұйымдастырды.

ҚР ҚМ №55765 ә/б «Донор бол, адам өмірін сақтап қал!» атты донорлық акцияны қайта ұйымдастырды.

 

         

           

 

Донорллар – бұл ағзадағы қанның бір бөлшегімен бөлісіп, басқалареға өмір сыйлатын адамдар. Миллиондаған адам өз өмірі мен денсаулығы үшін өздері көрмеген адамдар – қанды ерікті түрде тапсыратын донорларға борышкер.

Көктемнің алғашқы айында ҚР ДСМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында «Донор бол, адам өмірін сақтап қал!» атты донорлық акцияны қайта өтуде.

Осы акцияны қолдау үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің №55765 әскери бөлімі қосылды. Әскери қызметшілер мұндай акцияларға бірнеше рет қатысты, олар үшін бұл дәстүрге айналды.

Аталған әскери бөлімше өте жауапты және қашан да көмектесуге дайын тұратынын атап кеткеніміз жөн. Донорлар қажет болған кезде әскери қызметшілер бірінші болып көмекке келеді. Шамамен 70 адамнан тұратын жеке құрам елордалық қан орталығына донор болу үшін келді.
ҚР Қорғаныс министрлігінің №55765 әскери бөлімінің командирі мен қанды қажет ететін пациенттер үшін қан тапсырып, қолдау көрсеткен әскери қызметкшілерге алғыс білдіреміз.