Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Медицина қызметкерлерінің күні

Медицина қызметкерлерінің күні маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады, бұл өз өмірін адам өмірі мен денсаулығын сақтауға аранаған абзал жандардың мерекесі. Осы күнді мейіргерлер мен дәрігерлер ғана емес, сонымен қоса медициналық ғылымға үлес қосқанда, адам өмірін сақтайтын адамдардың барлығы атап өтеді.

Медицина қызметкерлерінің күні – денсаулық сақтау жүйесінің барлық қызметкерлеріне аллғыс пен құрмет білдіру меркесі. Ақ халатты абзал жандардың еңбегі – адамзат игілігіне қызмет ету, мейірімділік пен қайсарлықты таныту болып табылады.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының ұжымы мерекеге орай және өзге іргелес қызметте еңбек етететін әріптестер өз қажеттілігі мен маңыздылығын ерекше сезінді, тиісті марапаттар мен алғыс хаттарды алды.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Буркитбаев Жандос Конысович барлық қызметкерлерді құттықтап, марапаттады.

Осылайша, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 маусымдағы № 333 бұйрығымен директордың медициналық жұмыстар жөніндегі орынбасары Шайжамал Джаксылыковна Мусабековаға «Еңбек ардагері» деген төсбелгісі тағайындалды. ТҒӨО HLA зертханасының зертханашы-дәрігері Индира Рамильевна Рамильева «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Донорларды жинақтау бөлімінің дәрігері Эльмира Рашидовна Копееванаға  «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі берілді. Сондай-ақ, Куралай Хайдаровна Жангазиеваға, Гульнар Оразовна Мухамадиеваға, Асемгуль Шанкибаевна Шанкибаеваға, Айганым Каликожакызы Ізмағамбетке, Дамели Абдигалиевна Сулубековаға, Генадий Генадьевич Васильевке Денсаулық сақтау министрінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары берілді.

Жаңалықтар