Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-да @heartcenter.kz «Донор бол! Қан тапсыр – адам өмірін сақтап қал!» атты донорлық акция өтті.

Бүгін «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-да @heartcenter.kz «Донор бол! Қан тапсыр – адам өмірін сақтап қал!» атты донорлық акция өтті ?
Донацияны жүзеге асырған қызметкерлердің арасында қанды үнемі тапсырып, медициналық қызметкерлерімізге таныс болған адамдар ғана емес, қанды бірінші рет тапсырғандар да болды.
Ниет білдірген әрбір азамат адам өмірін сақтап қалуға өз үлесін қосып, міндетті медициналық тексеруден кейін қан тапсыру мүмкіндігіне ие болды.
Кардиохирургия орталығының қызметкерлеріне бойына дарыған мейірімділік, жүрек жылуы мен сүйіспеншілдік сынды қасиеттері және көмек көрсетуге ниет білдіргені үшін алғысымыз шексіз.
Осы ісіңіз арқылы басқа адамдарға үміт сыйладыңыз. Бір науқас үшін қан тапсыра отырып, тағы да үш адамға өмір сүру мүмкіндік бердіңіз!

Анықтама үшін:
«ҰҒКО» АҚ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылды және өз есігін 2011 жылғы 12 қазан күні ашты. Бүгінгі күні медициналық қызметтер мен сапалы сервисті ұсынатын Орталық Азиядағы жетекші кардиохирургиялық клиника болып табылады.