Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Жастар арасындағы донорлық

Қан донорлығы қоғам мен денсаулық сақтау органдарының тарапынан ерекше назар аударуды талап ететін денсаулық сақтау саласының әлемдегі ең өзекті тармағының бірі болып табылады. Жоғары мамандандырылған көмекті сапалы және уақытылы көрсету аталған мәселені шешуге тікелей байланысты.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы (ТҒӨО) ерікті өтеусіз донорлықты дамыту мақсатында «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Қазақстандағы қан донорлығы» атты жобаны іске асыруда.

Жоба мектеп оқушыларының арасында донорлық қозғалыс туралы жастардың хабардар болуын арттыруға, донордың жағымды бейнесін қалыптастыруға және қан донорлығы институтының абыройын көтеруге бағытталған.

Өскелең ұрпақтың назарын қан донорлығы проблемасына аударғаны өте маңызды. Жастар арасында осы ақпаратты білетіндер қаншалықты көп болса, қан донорлары мен құтқарылған өмір саны соншалықты көп болады.

Жоба шеңберінде ТҒӨО Қазақстанның Қызыл Жарты ай қоғамымен бірге Астана қаласындағы №32 мектеп-гимназиясының 10 «Г» сынып оқушылары үшін «Қан донорлығы» тақырыбындағы бірлескен презентация өткізілді.

Сабақта оқушылар жоғары белсенділік танытты.

Оқушылар көрген және тыңдалған материалдың нәтижесінде болашақта донор боламыз деген ниеттерін білдірді.