Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Плазма доноры

Республикамыздың астанасы – Астанада донорлықты жан-жақты дамытуға үлкен назар аударылған, осыған байланысты Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы донорлық акцияны көшпелі түрде станционарлық жағдайда өткізіп отырады. Бұған қатысатын көптеген коммерциялық кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің ұжымдары үшін үлкен дәстүрге айналып отыр.

Бүгінгі ағымдағы жылдың 21 қарашасында JTI компаниясының ұжымы плазма доноры болып, акцияға компанияның 12 қызметкері қатысты.

– Біз әртүрлі салада қайырымдылық көрсетеміз, былайша айтқанда, тұрақты түрде. Соның бірі – қан және плазма донорлығы болып табылады. Орталыққа келесі 6 ай өткен соң келгенде, енді үлкен құраммен келуді жоспарлап отырмыз. Біз осы Орталықтың қан донорларын жинақтау қызметімен алдын ала танысып, бізге ұсынылған нұсқаулық пен жадыннамаға сәйкес үлкен дайындықпен келдік, – деп компанияның өңірлік менеджері Сергей Олех атап айтты.

Анықтамалық: Плазма доноры ретінде медициналық тексеруден өткен дені сау адам бола алады. Плазмаферез шарасы 30-40 минут шамасында өтеді, донор үшін жақсы ауысады және зияны жоқ. Тек донордан қанның сұйық бөлігі – 90% судан тұратын және 7,8% ақуызы бар плазманы алады. Плазманың құрамына ферменттер, дәрумендер, гормондар кіреді, ал қан жасушалары (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) оған кері қайтарады. Дұрыс тамақтану кезінде 16-18 сағаттан кейін қанның бастапқы құрамы қалыптасады.

Жаңалықтар