Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының ұжымы КҮЗГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙЛЫҚҚА және Дүниежүзілік тазалық күніне арналған жалпы қалалық сенбілікке шықты

2019 жылғы 21 қыркүйекте Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының ұжымы КҮЗГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙЛЫҚҚА және Дүниежүзілік тазалық күніне арналған жалпы қалалық сенбілікке шықты.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімі аппаратының ақпараты бойынша аталған акция 16 қыркүйектен 13 қазанға дейін өтеді.

Экологиялық айлықтың шеңберінде Орталық аумағына және іргелес аумақтарға тазалау жүргізілді.

Жалпы қалалық сенбіліктердің негізгі мақсаты қоғамның назарын қала көшелерінде тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне аудару. Қан орталығының қызметкерлері қаламыздың көркеюіне өз үлестерін қосты.