Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Теміржолшылар донорлық акцияға қатысты

Теміржолшылар донорлық акцияға қатысты

Нұрлы Жол вокзал @nurlyzhol_vokzaly кешенінің кәсіподақ ұйымы 23−26 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірге 30 мейірімді іс акциясының шеңберінде «Қан тапсырып, адам өмірін сақта» атты қан тапсыру іс-шарасын өткізді.

Акцияға қатысқан адамдардың елеулі бөлігі бұрын да қан тапсырған. Біршама қызметкер алғаш рет донор болды. «Донорлық бүгінгі күні емдеуді қажет ететін пациенттер үшін қарапайым және маңыздылығы бойынша ең ауқымды көмек түрі болып табылады», – дейді теміржолшылар.

Акцияны жалғастыру мақсатында теміржолшылар #omirsyilaktzh челленджін бастап, оны еліміздегі барлық вокзалдарға жібереді. @railways.kz @youngrailwayskz @bilet.railways @aoktzh @talgo.news.kz

Анықтама үшін:

Нұрлы жол теміржол вокзалы кешені елордада 2017 жылы ашылды – бұл Қазақстандағы ең жаңа және ірі вокзал. Өткізу қабілеті – жылына 12 млн. жолаушы, тәулігіне 35 мың жолаушыға дейін.

Бұл 6 деңгейдегі үлкен ғимарат, ал жайлылығы мен ыңғайлылығы тұрғысынан заманауи үлкен әуежайға ұқсайды.

Пандемияға байланысты вокзал кешенінде санитариялық талаптар күшейтілді – кірген кезде жолаушылардың температурасын өлшейді, сонымен қатар бетперде тағуды сұрайды.

Күту залдарындағы отыру орындары жолаушылар арасындағы қашықтықты сақтау үшін орындықтар қызыл ленталармен белгіленеді, еденде «Арақашықтықты сақтаңыз» деген белгі жазылған.

https://www.instagram.com/p/CLvguiBJ459/