Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫ БОЙЫНША

Бүгін 30.01.2019 жылы Трансфузиология орталығының базасында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әлауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде ақпараттық-түсіндірме дәрісі жүргізілді. Дәріс барысында Президент Жолдауында айтылған маңызды аспектілер қозғалды. Бұл өмірдің әлеуметтік деңгейін арттыру, халықтың табысын және ынтымақты зейнетақыны арттыру, БМСК саласындағы реформалар, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту туралы сөз етілді.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері жолдаудың жарыққа шыққаннан кейін, бүгінгі күні жүзеге асырылып жатқан барлық ұсынылған шаралар мен іс-шараларды қолдау үшін Орталықта осындай кездесуді бірнеше рет өткізді.  Біз барлық қойылған міндеттер о табысты орындауға үмітенеміз.

Мемлекет басшысының көреген саясаты қазақстандықтардың болашақ ұрпағының дамыған елде өмір сүруіне бағытталған. Әрқайсымыз реформалардың сәттілігі –  олардың Қазақстанның өркендеуі үшін мәні мен маңыздылығын айқын түсінуіміз керек.