Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Салауатты ұлт – ел қорғаны!»

 2017 жылғы 31 қаңтарда ерікті өтеусіз қан донорлығы бойынша кезекті Донор күні «Салауатты ұлт  – елдің қорғаны» деген атаумен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Сәулет-құрылыс факультеті ғимаратында басталды.

Жоғарғы оқу орнының  белсенділерінің айтуынша, бұл акцияның басты мақсаты студенттер мен оқытушыларға және қызметкерлерге донорлықтың мән-жайын түсіндіру мен салауатты өмір салтын дәріптеуге шақыру болып табылады.

Қайырымдылық шара  салтанатын  университеттің әлеуметтік-мәдени дамуы бойынша проректоры Дихан Қамзабекұлы ашты. Ол өзінің сөзінде донорлық қозғалыстың мән-мағынасына тоқталып, қан өткізу орнына келген студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамына алғыс білдірді және қан тапсырудың сәтті өтуіне жылы лебізін білдірді. Акция бағдарламасы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Самұрық» би мектебінің студенттері флешмоб көрсетті.

Акция барысында қан-тамыр хирургы, аллерголог, терапевт және психотерапевт дәрігерлерінің бейінді-медициналық тексерулері ұйымдастырылып, студенттерге  тек қана зертханалық тексерулерден өтіп қана қоймай, сонымен қоса Трансфузиология ғылыми-өндірістік ортылығының трансфузиолог-дәрігерлерінен және жоғарыда аталған мамандардан кеңестер алуға мүмкіндік берілді.

Студенттердің қан донорлығына жоғары деңгейде белсенділік танытып, екіжүзден аса адам өз қандарымен бөлісуге ниеттерін білдірді. Оқу орны қабырғасында өткізілген донацияға үлгермегендер Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының ғимаратында жалғастырады. Қан донорлығын насихаттау мен дәріптеуге қатысқан белсенді студенттерден құралған еріктілерге Орталықтың арнайы сыйлықтары табыс етілді.