Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
2016 жылы 5 ақпанда сағ. 9-00де Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында «Бір тамшы қан – өмірді сақтау» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігімен бірге «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай Республикалық іс – шара өткізілді.
Салтанатты ашылуға Олимпиада чемпионы Серік Сапиев, Астана қ. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары И.И. Ли, бастауыш партия ұйымының Төрағасы, трансфузиология Ғылыми – өндірістік орталығының директоры Ж. К. Бүркітбаев, және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: қоғамды өз еркімен, тегін қан беруге(донорлыққа) ынталандыру, осы мәселеге назар аудару. Донорлық іс шаралар қоғам назарын ерікті донорлыққа аудару мақсатында ең тиімді болып табылады. Осы шаралардың идеясы – әрбір адамның игі істерге бара алатынында және донор бола алатынында.
Статистика бойынша, Қазақстанда донорлық белсенділік 1,7% немесе 1000 адамға 17 донация, бірақ әр аймақ бойынша өзгешеліктері байқалуды. Мысалы, Астанада 1000 адамға 54 донация, мамандырылған медициналық көмектін даму деңгейінің өскенінің дәлелі.
Іс шара трансфузиология Ғылыми – өндірістік орталығының негізінде бастау алмақ. Бірінші күннен-ақ 100 адам донор болуға дайын.