Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

        2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында медициналық көмек алу және медициналық мекемені таңдау құқына ие болады. Азаматтардың бірқатар санаттары үшін МӘМС жүйесіне жарналар мен төлемдер жасау 2017 жылдың 1 шілдесінен басталады.

       Қазіргі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес ұйымымен бірлесіп, міндетті сақтандыру қорының толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті құқықтық-нормативтік базаны, негізгі бизнес-үдерістерді, ақпараттық жүйелерін әзірлеу мен оларды бекіту бойынша жұмыстар атқаруда.

        Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі  сайтының  03 наурыз 2017 жылғы ақпаратына сай , қордың медициналық қызметтерді стратегиялық  сатып  алушы ретінде ұзақ мерзімді келісімдер арқылы біріңғай тарифтік саясат бойынша жұмыс істеуі медициналық көмек пен дәрілік заттардың бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Осылайша, МӘМС медициналық қызметтің халықтың барлық санаттары үшін тиісті көлемде қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.

        Аталған жұмыстар аясында Министрліктің ақпараттық жүйесін басқа мемлекеттік органдардың  ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жоспарланып отыр. МӘМС-ті енгізу бүкіл денсаулық сақтау жүйесін реформалаумен бірге кешенді түрде жүргізіледі.
Ақпаратта айтылып кеткендей, МӘМС-ті енгізудің мақсаты – медициналық көмек көрсетудің мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген тұрақты міндеттемелер жүйесін қамтамасыз ету.