Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Жүректен жүрекке!

«Жүректен жүрекке!» ерікті өтеусіз донорлық ақция ағымдағы жылдың 29 қазанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрамына кіретін Астана қаласы, Алматы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында болып өтті. Ол Қазақстан Републикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған іс-шара жоспарының шеңберінде аталып өтті.

Сол жерде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының (бұдан әрі-ТҒӨО) үлкен көшпелі тобының құрамында зертхананың дәрігерлері, қызметкерлері, қоғаммен байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің мамандары жұмыс атқарды. Жалпы алғанда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының КЕАҚ құрамына кіретін, басқарушы лауазымдық тұлғалармен және ведомствоға бағынысты ұйымдар департаментінің қызметкерлер қатарынан 70 жуық еріктілер акцияға қатысты.

Акцияның басты мақсаты – халық арасында өтеусіз ерікті донорлықты насихаттау.

Қан тапсырар алдында донор болуға тілек білдіргендердің барлығы сол жерде тікелей тестілеуден өтіп, олар бір күн бұрын дәрі-дәрмек препараттарын қолданғаны туралы, донордың денсаулығының жағдайы және салауатты өмір салты туралы сұрақтарын қоса ала отырып, сауалнама толтырды. Сонымен бірге олар терапевт қарауында, қанның клиникалық және биохимиялық талдауында, қан тобын және резус-фақторын анықтауды қоса алғанда, тегін медициналық тексеруден өтті.

Қадағалау барысында донацияға жіберілгендерден қан тапсырып болғаннан кейін жағдайының нашарлағаны жайында шағым түскен жоқ, керісінше олардың көбі акция ұйымдастырушыларына қанның әлеуетті доноры болатындарын жеткізді.