Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Өмір сыйла!»

Бүгін, 28 сәуір күні «Нұр Астана»орталық мешіт аумағында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының көшпелі тоб және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  ұйымдастыруымен «Өмір сыйла» атты кезекті донорлық акциясы өтті.

Таң сәріден мешіт қызметкерлері мен жұма намазына келген қала тұрғындары ерікті өтеусіз қан донорының қатарын құрады.«Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер.

Шынында да, Алла, басқаны құтқару үшін  донорлық қан беретін адамды он есе  марапаттайды. Кімде – кім игі іс жасаса, оны он есе сауап күтіп тұр» делінген Құранда.

Айта кететіні, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қолдауымен «Нұр Астана» мешітінің ерікті өтеусіз қан донорының акциясы дәстүрге айналды. Олар мұндай акцияларға жылына екі рет қап келеді.

Қан доноры болуға 50 адам тілек білдірсе, солардың   ішінен донацияға тек 40 адам жіберілді.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының Қан Банкі бұл күні, көлемін санамағанда, соның ішінде Орталықтың өз базасында стационар жағдайында жиналғандарды қоспағанда, 18 л қанға толықтырылды.

Осындай донорлық акцияны ағымдағы жылдың 5 мамырында ең үлкен астаналық «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткізу жоспарланып отыр.