Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Көмекке қолыңды соз!»

Бүгін 5 қазан күні LG компаниясының барлық офистеріндегі донор күндері аясында Трансфузиология ғылыми – өндірістік орталығының (ТҒӨО) қатысуымен «Астана – медициналық университетінде» «Көмекке қолыңды соз!» акциясы өтті.

LG компаниясының корпоративі еріктілерінің бастамаларының бірі өтеусіз қан донорлығы болғандықтан, жыл сайын LGEAK компаниясы Донор Күндерін өткізіп отырады. Бұл Астана қаласында биыл бірінші рет өткізілгелі отыр. Акция Алматы қаласынан бастау алып, үш жыл қатарынан өткізіліп келеді және оған 2 миллионға жуық LGEAK компаниясының қызметкерлері, атақты әншілер, қоғам қайраткерлері, спортшылар қатысқан. Ал. Акцияның басты мақсаты – отандастарымызды өтеусіз қан донорлығын дамытуға атсалысып, өз үлесін қосуға шақыру. Осылайша, LG компаниясының ұсынған жаңа үлгідегі инновациялық ынтымақтастығы арқылы қан донорлығына мұқтаж жандарға «Көмекке қолыңды соз!» деген ұранмен көмек беру болып отыр.

Осы акция аясында LGEAK компаниясының Қазақстандағы техника мен электроника нарығының жетекші сарапшысы Наталья Новикова ЖОО-ның студенттерімен өздерінің ауқымды және берегей әлеуметтік тәжірибелерімен бөлісті.

Анықтама: Қазіргі таңда Қазақстанда донор қанына тапшылық жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған донорлықты дамыту көрсеткіші бойынша: Қазақстанда 1000 адамға шаққанда 25 болуы қажет, ал бүгінгі күні ол 1000 адамға шақққанда 17-18-ді құрап отыр. Астанада 1000 адамға шаққанда 54 немесе 40-45 мың жуық көрсеткіш тіркелген. Ұлттық деңгейде – бұл жылына 280 мың донор. Алайда, Қазақстанда бұл көрсеткіш жыл сайын артып отырады. Бұл қаладағы республикалық клиникалар санының көптігіне және оларға көрсетілетін жоғары мамандандырылған медициналық көмектің көлеміне байланысты. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы қан дайындау көлемі бойынша ТМД елдерінің ішінде алдыңғы бестікке енеді.