Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 17:00-ге дейін
Бүгін Қан орталығының еріктілері Берікхан Нұрғалиев пен Елена Синчук «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының оқушыларына қан донорлығы туралы дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты – кәмелет жасқа толған кезде қан доноры боламын деген қызығушылық пен ниетті қалыптастыру үшін мектеп оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесу жылы және достық атмосферасында өтті: лицей оқушылары пікірталасқа белсене қатысып, көптеген сұрақтар қойды. Мәселен: Қанша қан тапсыруға болады? Ол қалай сақталады? Неліктен қан тобы сәйкес келген жағдайда да, кейде ол құюға жарамсыз болуы мүмкін? Татуировка болған кезде қан тапсыруға болады ма? Донорлар өздері үшін қан тапсырады ма? Қажет болған кезде өз қаныңды өзіне қайта құюға болады ма? Әртүрлі адамдардың қанын араластырады ма? Тіпті: «Сіздің балаларыңыз қан тапсырады ма және олар сіздің донор екеніңізді біледі ме?» деген сұрақ та қойылды.
Осы және өзге де сұрақтарға Қан орталығының дәрігері Әйгерім Сағамбаева жауап берді.
Ерікті Берікхан Нұрғалиевтің жеке тәжірибесі оқушыларға ерекше әсер етті. Оның қаны қарындасы мен анасына қалай көмектескені туралы айтып, донорлық оның ішкі қалауына айналғанын жеткізді.