Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 17:00-ге дейін
Достар, бізде керемет жаңалық бар! Бүгін біз Қазақстандағы қан донорлығын дамыту жолында маңызды қадам жасадық — Трансфузиологияның ғылыми-өндірістік орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық!
Біз бірге волонтерлер клубтарын құрып, жарқын ақпараттық кампаниялар жүргізіп, донорлық қанды қажет ететіндерге әрдайым қолжетімді ету бағытында жұмыс істейміз. Бұл — донор болғысы келетін немесе адамдардың өмірін құтқаруға үлес қосқысы келетін әр адам үшін мүмкіндік!
Волонтерлердің, бизнестің және бей-жай қарамайтын жандардың қолдауымен біз Қазақстанда донорлықтың жаңа көкжиектерін ашамыз. Жақында — жаңа акциялар, жобалар мен қызықты шаралар! Жаңалықтардан қалыс қалмаңыздар, себебі біз бірге үлкен істер атқаратын боламыз!