Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
28 маусымда «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының өкілдері Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының ұжымымен кездесті.
«Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» реформасын орындау бойынша, Есіл ауданы филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Ерсаин Галеев баяндама жасап, филиал туралы ақпаратпен бөлісті. Ағымдағы жылдың 1 маусымындағы есеп бойынша 347 бастапқы партиялық ұйымдары тіркелген, олардың ішінде 2016 жылы 22 құрылған. Филиалдың жалпы саны – 44 574 партия мүшелерін құрайды, олардың 7 664-і партия қатарына жылдың басынан кіргендер.
Сонымен қатар баяндамашы Астананың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталды. 2015 жылдан бастап Астана республикалық бюджеттің доноры болып табылады. Мемлекеттік бюджетке түскен түсімнің көлемі 63 рет өсіп, 850 миллиард теңгеге жетті. 2016 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша инвестициялар көлемі 773 млрд. теңгені құрады. Индустриалдық паркте 28 жаңа жоғары технологиялық өндіріс іске қосылды. Астаналық кіші және орта бизнестің өңірлік өнімдердегі үлесі – 61% құрайды, бұл барлық өңірлер ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Астанада жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіші 4,6% құрайды – деді ол.
Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы Астаналық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша нәтижеге бағытталған қызметіне арналды. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының партиялық бақылау инспекторы Серік Күлібаев – партия жұмысының маңызды артықшылығының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес екінін атап көрсетті. Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік құбылыс сияқты еліміздің саяси дамуына әсер етіп, жойылып кетпей өзінің бербестігі және көлемімен ерекшеленіп отыр. Бүгінгі күнде қолданыстағы мемлекеттік және қоғамдық бақылаудың бірыңғай жүйесі бар. Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы құқықтық реттеудің басым реформалары: сайлау құқығын жүзеге асыру; саяси партияның қызметі; мемлекеттік қызмет; бюджеттік үрдіс; мемлекеттік сатып алу және тағы басқалары болып табылады деп атап өтті.