Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

14 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күні

Биылғы жаһандық науқан «Өтеусіз қуаныштың 20 жылдығы: қан тапсырған донорларға рақмет!» деген желеумен өтіп жатыр. Себебі әрбір донордың өткізген қаны, миллиондаған адамның өмірін арашалап қалуға сеп. Қазақстандықтар да қан тапсыруда белсенді. «Бірақ елімізде қан доноры жеткілікті болғанымен, сүйек кемігі донорлары әлі де аз дейді», – мамандар.

Трансфузиологиялық ғылыми-өндірістік орталығына жылына 40 мыңға жуық адам қан тапсырады. Әр адамнан 450 мл қан алынады. Күніне 100-150 адам донор болады. Солардың бірі – Еркеболат Нұрлыбеков.

Еркеболат Нұрлыбеков, қала тұрғыны:

– Қанды 2004-тен бері, студенттік кезден бері тапсырамын. Жылына 3-4 рет келемін осылай қан тапсыруға, жәрдем беруге. Кімге қан керек және өзіме, денсаулығыма пайдалы болған соң тапсырамын.

Бұл орталық елорданың 26 мемлекеттік медициналық мекемесін қанмен қамтамасыз етіп отыр. Көбіне хиругия, гинекология мен гематология бөлімдерінен сұраныс түседі. Оларға жіберілмес бұрын қан үлкен сұрыптаудан өтеді. Мысалы, эритроциттер санаулы күндерден соң донорға жетсе, плазмалар айлап тексеріледі екен.

Жарас Бибеков, «Трансфузиологиялық ғылыми-өндірістік орталығы» РМК бөлім меңгерушісі:

– Ал плазманы біз қалдырамыз да, карантин деген жерге сақтаймыз. 4 айға. 4 айдан кейін донорды шақырамыз қайтадан қан тапсыруға. Ол қайтадан тексерістен өтеді. Егер сол тексерістің нәтижелері теріс болып, барлығы жақсы болатын болса, жаңағы карантинде жатқан плазманы больницаларға құюға береміз. СҮЙЕК КЕМІГІ ДОНОРЫ ТАПШЫ

Қан доноры жеткілікті болғанымен, елімізде сүйек кемігі донорлары аз. Сондықтан «100 қадам» челленджі басталды. Мамандар қан деректерінің ұлттық тіркелімін толықтыру керегін айтады.

Статистика бойынша 10 мың адамға  бір генетикалық «егіз» табылады. Ал елімізде қазір 300 адамға сүйек кемігі трансплантациясын жасау қажет. Оның жартысы – бала.

Дулат Имашпаев, «Трансфузиологиялық ғылыми-өндірістік орталығы» РМК басқарма төрайымының орынбасары:

– Қазіргі таңда 11 300 адам тіркелімде бар. Негізгі дамыған мемлекеттерде халық санының 1%-і осы тіркелімде болады. Ол Еуропа елдерінде. Мысалы, Израиль елінде 8 млн халық бар. 1 млн адам тіркелімде тұр. Ол халықтың 12-13%-і. Бізде 20 млн халыққа 11 мың адам – өте аз көрсеткіш.

Қан тапсырудың өзі денсаулыққа пайдалы. Мамандар жылына кемінде 3 рет қан тапсыруға кеңес береді. Ең бастысы – өзгенің өмірін сақтап қалуға сеп боласыз!

 

Ссылка на портал

Жаңалықтар