Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

8 наурыз мерекесіне орай өтетін «Донор-ханшайымы» конкурсы.

8 наурыз мерекесіне орай өтетін «Донор-ханшайымы» конкурсы.

 

​Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы 15 ақпан мен 5 наурыз аралығында әйелдер мерекесінің қарсанында нәзік жандар арасында 8 наурыз мерекесіне орай «Донор-ханшайымы» конкурсын жариялайды.
​Конкурсқа қатысу үшін 15 ақпан мен 5 наурыз аралығында Қан орталығына келіп, қан немесе оның компоненттерінің донациясын жүзеге асырып, өтеусіз донор болу керек.
​Донация кезінде және одан кейін Қан орталығының ішінде суретке түсіп, донор болудың себебі жазылған әңгімеңізді Instagram парақшаға салу керек. Сонымен қатар @astanadonor парақшасына жазылып, аккаунтты белгілеп, #леди_донор2021 мен #Астанадонор хештегтегтерін жазу керек.
​Конкурс шарттарына сәйкес келетін суреттер орталығымыздың ресми парақшаларында жарияланатын болады, ал онлайн дауыс беру Instagram – @astanadonor аккаунтында өтеді.
​Жарияланымы көп дауыс жинаған нәзік жан жеңімпаз атанып, «Донор-ханшайымы» титулының иегері болады. Конкурс қорытынысы 5 наурызда шығарылады.

 

Толық ақпаратты мына телефон нөмірлері бойынша алуға болады: +7(776) 088-08-68 Қоғаммен байланыс бөлімі.

 

Жаңалықтар