Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

28-29 қыркүйекте көшпелі бригада «ҚР ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі» ММ барды. Полиция полкінің 90-нан астам қызметкері мобильді қан алу станциясында қан тапсырды.

Барлық донорларға мейірімділік танытқаны және бейтаныс адамның денсаулығы үшін өз қанымен бөліскені үшін алғыс білдіреміз!

Көшпелі акция игі істер марафоны аясындағы «Халықаралық қарттар күніне» орай ұйымдастырылды. Қазақстанда жыл сайын 1 қазан күні егде жасты және қария адамдарды құрметтеу дәстүрлерін, қарт адамдардың еңбегін атап өту, олардың мемлекет дамуына қосқан үлесіне құрмет көрсету мақсатында Халықаралық қарттар күні өтеді.