Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
№5 қалалық емхананың ұжымы «Донор бол – басқа адамға өмір сыйла!» қайырымдылық акциясына кезекті рет қатысты.
Акцияның мақсаты – сауығып кету, мұқтаж адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік беру үшін қан банкінің қорын толықтыру болып табылады. Жол-көлік оқиғалары, жазатайым оқиғалар, жедел операциялар донорлық қанды қажет ететін жағдайлардың тізімін жалғастыра беруге болады. Күн сайын мыңдаған адам қан құюға мұқтаж, ал медицина қызметкерлері қашан да адамдарға бірінші болып көмекке келеді.
Барлық рәсімдер қажетті сақтық шараларын қатаң сақтай отырып өтті. Акция қатысушылары сауалнаманы толтырды және денсаулық жағдайын алдын ала диагностикалаудан өтті, оның нәтижелері бойынша 58 адамға қан тапсыруға рұқсат берілді.
Нұр-Сұлтан қаласының «№5 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК қызметкерлері қан банкі қорын толықтыруға жыл бойы белсенді түрде қатысады, осылайша елордамызда өтеусіз донорлықты дамыту мен қолдауға айтарлықтай үлес қосады.