Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Полиция департаментінің Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері донорлар қатарына кірді.
ПД Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Есірткісіз болашақ» республикалық акциясының шеңберінде қанды және оның компоненттерін тапсыру үшін Қан орталығына келді.
Қан және оның компоненттерін тапсыруға келген адамдардың арасында тұрақты донорлар, сонымен қатар алғаш рет донор атанған қызмткерлер де болды.
Донорллар – бұл ағзадағы қанның бір бөлшегімен бөлісіп, басқалареға өмір сыйлатын адамдар. Миллиондаған адам өз өмірі мен денсаулығы үшін өздері көрмеген адамдар – қанды ерікті түрде тапсыратын донорларға борышкер.
Қанды қажет ететін пациенттер үшін қан тапсырған басқарма басшысы мен барша қызметкерлерге ерекше алғысымызды білдіреміз.