Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қайырымды істер марафонының шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде донорлық акция өтті.

Қанды өтеусіз тапсыру акциясы музей қызметкерлері үшін жыл сайынғы шара болып табылады. Қан және оның компоненттерін тапсыруға келген адамдардың арасында тұрақты донорлар, сонымен қатар алғаш рет донор атанған қызмткерлер де болды.
Орталық қызметкерлері барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жан-жақты медициналық тексеруден өткен донорларды қабылдады. Акция қатысушыларына тәтті тағамдар мен шай берілді.
Донорлық – бұл қарапайым, алайда күні бүгінге дейін ғажайып құбылыс. Мұқтаж адамдар үшін өтеусіз қан тапсыратындар шексіз алғысқа лайық. Қан орталығының ұжымы акцияға қатысқан әр қызметкерге өз ризашылығын білідреді және әрқайсыңызды асыға күтеді. Өзгенің өмірін аман сақтап қалу жолында игі іс жасау адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.
Мұндай маңызды іс-шараны ұйымдастыруға ат салысқаны үшін Ұлттық музей басшылығы мен ұжымына алғыс білдіреміз.