Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
«ӨТЕУСІЗ ҚАН ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
2018 жылғы 4-7 сәуір
Аса құрметті әріптестер!
КОНГРЕССТІҢ РЕСМИ ТІЛ:
Қазақ, орыс, ағылшын.
ҚАТЫСУ ФОРМАСЫ:
Баяндамалар*, тезис жариялау, тыңдарман.
*Пленарлық баяндамалар мен сессия баяндамаларын Ұйымдастыру комитеті белгілейді.
БАЯНДАМАЛАРДЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ:
Баяндама – 20 минут.
РЕСМИ САЙТЫ:
ӨТКІЗУ ОРНЫ:
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 10, Астана қаласы, Қазақстан.
НЕГІЗГІ КҮНДЕР:
2018 жылғы 4 қаңтарда басталады;
2018 жылғы 4 сәуірде аяқталады.
АВТОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА:
Қатысуға арналған өтінімдерді бағытты көрсете отырып, 3ect2018@gmail.com поштасына жіберіңіз.
Тезистерді бағытты көрсете отырып, omninpct16@mail.ru поштасына жіберіңіз.
Тезистер конгрестің ресми тілдерінде (қазақ, орыс, ағылшын) қабылданады.
Тезистер автор редакциясында, қосымша түзетусіз жарияланады. Мәтін мазмұны үшін толық жауапкершілік авторларға жүктеледі.
Конгрестің ұйымдастыру комитеті бағдарлама мен конгресс материалдарының жинағына қосу үшін сапасы төмен және нашар редакциядағы тезистерден бас тарта алады.
Қабылданған материалдар қайтарылмайды.
ТЕЗИСКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Негізгі мәтін
Тезистер Word (.doc немесе .docx) форматында жіберілуі тиіс; арақашықтығы – бір; гарнитурасы – Times New Roman, кегль 12. Мәтін көлемі 350 сөзден аспау керек. Тезистерде әр автор туралы (толық тегі мен атын, жұмыс орнын, лауазымын; ғылыми дәрежесін, атағын; телефоны мен электрондық поштасы; қатысу формасы мен баяндама немесе постердің атауы толық көрсетіледі) ақпарат бар басты бет болу керек. Негізгі автордың тегі жоғарғы шрифтпен кіші (1) санмен белгілену кажет.
Тезис мынадай: кіріспе, әдістер, нәтижелер мен қорытынды бөлімдерін қамтитын секцияларға бөліну керек.
Тезис конференцияның негізгі тілдерінде ұсынылғаны жөн.
Тезис мәтінінде суреттер, кестелер, әдебиет тізімі болмау керек.
Электрондық пошта арқылы жолдаған кезде секцияны көрсете отырып, файлдың атауы ретінде латиница тілінде жазылған бірінші автордың аты мен тегін пайдалануды сұраймыз.
Тезисті рәсімдеу үлгісін қосымшадан көруге болады.
Қысқартулар
Қысқартулар мәтінде алғаш рет аталғаннан кейін жақша ішінде келтірілу керек. Стандартты өлшем бірліктері түсіндіруді қажет етпейді.
ХАТШЫЛАР:
Мереке Ашықбаева: +77757992488, email: omninpct16@mail.ru
Диана Жумашева: +7 7752130008 email: 3ect2018@gmail.com
Қатысуға арналған өтінім ғылыми жұмыс авторларының біріне тезиске қоса берілген сілтемеге сәйкес жеке файл ретінде толтырылады.