Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Қанның өтеусіз ерікті донорлығын дамытудың өзекті мәселелері» атты III Еуразиялық конгрес

2018 жылғы 4-6 сәуір куні трансфузиология саласындағы сарапшылар қанның ерікті өтеусіз донорлығын дамыту мәселелерін Астанада талқылайды

 Бүгінгі күні Астанада мемлекеттік органдар мен Қазақстандағы ғылыми-зерттеу ұйымдары басшыларының, Халықаралық қан құю қоғамының президенті Рави Рединің, Ұлыбритания, Испания, АҚШ, Германия, Жапония, Ресей және басқа мемлекеттердің қан құю саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен «Қанның өтеусіз ерікті донорлығын дамытудың өзекті мәселелері» атты III Еуразиялық конгресі өз жұмысын бастады.

Іс-шара ұйымдастырушылары:  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, «Трансфузиологтар қоғамы», «Еуразиялық медициналық қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі. «Астана Конвеншн Бюро» ұйымының ресми серіктесі.

ҚР Денсаулық сақтау министр Елжан Біртанов Қазақстандағы қан қызметінің мәселелеріне айрықша назар аударылғанын айтты. Жүргізілген жүйелік реформалаудың нәтижесінде бүгінгі күні Қазақстанда аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейтін 18 қан орталығы қызмет етеді. Еліміздің 10 өңірінде жаңа қан орталықтары салынды, мамандарды оқыту үшін қаржы бөлінді.

«Донорлық қанның трансфузиялық инфекциялар скрингіне қатаң талаптар қойылған ұлттық стандарт әзірленді: екі кезеңдік скрининг жүргізу (ИФТ+ПТР) және толық автоматталған талдауыштарды пайдалану. Посткеңестік кеңістік аумағында мемлекет ауқымындағы мұндай стандарт Қазақстанда ғана әрекет етеді,» – деді министр.

Ол беделді шетелдік сарапшыларының бағалауы бойынша Қазақстанның қан қызметі өз дамуында еуропалық мемлекеттерден кем түспей, жақсы нәтижелерге қолжеткізгенін мәлімдеді.

Елжан Біртанов медициналық қауымдастықты шоғырландыруға, денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін шешуде жалпы тәсілдерді пысықтауға бағытталған Халықаралық трансфузиологтар қоғамының қызметін атап өтті.

Сондай-ақ, Конгресс шеңберінде қан компоненттерін дайындау, донорлық қанды тестілеу; гемотрансфузиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету; қан компоненттерін дәлелдемелерге негізделе отырып, пайдалану; қан қызметіндегі процестерді ақпараттандыру; донорлар тіркелімі мен қан жүйесінің онкологиялық ауруларында дің жасушаларын транспланттауды дамыту мәселелері талқыланды.

Конгресс жаңа іскери мүмкіндіктерді дамыту мен қан қызметі, қолданбалы зерттеулер және донорлық қанды құю саласындағы озық тәжірибені енгізу жұмысының ииновациялық бағыттарындағы тәжірибемен алмасудың перспективаларын  талдау орнына айналатынын атап кеткеніміз жөн.

Іс-шара барысында мастер-кластар, тренингілер және бірқатар халықаралық постерлік көрмелер өтеді.