Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

2018 жылғы III Еуразиялық конгресс

 «ӨТЕУСІЗ ҚАН ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

2018 жылғы 4-7 сәуір

Аса құрметті әріптестер!

Сізге өз құрметімізді білдіріп, 2018 жылғы 4-7 сәуір аралығында Астана қаласының Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында (Қазақстан) өтетін «Өтеусіз қан донорлығын дамытудың өзекті мәселелері» атты III Еуразиялық конгрес жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конгреске таяу және алыс шетелдегі трансфузиологтар, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен Қазақстандағы мемлекеттік органдарының басшылары, практикалық денсаулық сақтаудың өкілдері, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ трансфузиология саласындағы халықаралық сарапшылар қатысады.

 КОНГРЕССТІҢ МАҚСАТЫ:

Қанның өтеуіз донорлығы мен қан қыметін дамытудың өзекті мәселелерін талқылау.

Конгрестің негізгі фокусы қан қызметі жұмысының инновациялық бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, қолданбалы зерттеулер мен трансфузиология саласындағы үздік тәжірибені енгізуге шоғырланған. Конгреске қатысқаныңыз Қазақстандағы практикалық медицинаның зерттеу әлеуетін нығайту үшін үлес қосуға және халықаралық ғылыми қоғаммен тығыз қарым-қатынасты орнатуға мүмкіндік береді.

 КОНГРЕСС ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  1. Қанның өтеусіз донорлығын дамытудың өзекті мәселелері мен проблемалары;
  2. Қан компоненттерін дайындаудың, донор қанын тестілеудің жаңа мүмкіндіктері;
  3. Донор қаны және оның компоненттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  4. Дәлелдемелерге негізделген донор қанының компоненттерін пайдалану;
  5. Қан қызметіндегі үдерістерді ақпараттандыру;
  6. Донор тіркелімі және қан жүйесінің обыр аурулары кезінде дін жасушаларын транспланттау.

 КОНГРЕССТІҢ РЕСМИ ТІЛ:

            Қазақ, орыс, ағылшын.

ҚАТЫСУ ФОРМАСЫ:

            Баяндамалар*, тезис жариялау, тыңдарман.

*Пленарлық баяндамалар мен сессия баяндамаларын Ұйымдастыру комитеті белгілейді.

БАЯНДАМАЛАРДЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ:

Баяндама – 20 минут.

РЕСМИ САЙТЫ:

https://spct.kz/

 ӨТКІЗУ ОРНЫ:

            Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 10,  Астана қаласы, Қазақстан.

НЕГІЗГІ КҮНДЕР:

  • Конгресс қатысушыларын тіркеу:

 2018 жылғы 4 қаңтарда басталады;

 2018 жылғы 4 сәуірде аяқталады.

  • Өтінімдер мен баяндамаларды қабылдау – 2018 жылғы 4 сәуірге дейін.
  • Ұйымдастыру комитеті 2018 жылғы 4 сәуірден кейін түскен материалдарды қарамайды.
  • Конгреске қатысу тегін.

 АВТОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА:

Қатысуға арналған өтінімдерді бағытты көрсете отырып, 3ect2018@gmail.com поштасына жіберіңіз.

Тезистерді бағытты көрсете отырып, omninpct16@mail.ru поштасына жіберіңіз.

Тезистер конгрестің ресми тілдерінде (қазақ, орыс, ағылшын) қабылданады.

Тезистер автор редакциясында, қосымша түзетусіз жарияланады. Мәтін мазмұны үшін толық жауапкершілік авторларға жүктеледі.

Конгрестің ұйымдастыру комитеті бағдарлама мен конгресс материалдарының жинағына қосу үшін сапасы төмен және нашар редакциядағы тезистерден бас тарта алады.

Қабылданған материалдар қайтарылмайды.

ТЕЗИСКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Негізгі мәтін

Тезистер Word (.doc немесе .docx) форматында жіберілуі тиіс; арақашықтығы – бір; гарнитурасы – Times New Roman, кегль 12. Мәтін көлемі 350 сөзден аспау керек. Тезистерде әр автор туралы (толық тегі мен атын, жұмыс орнын, лауазымын; ғылыми дәрежесін, атағын; телефоны мен электрондық поштасы; қатысу формасы мен баяндама немесе постердің атауы толық көрсетіледі) ақпарат бар басты бет болу керек. Негізгі автордың тегі жоғарғы шрифтпен кіші (1) санмен белгілену кажет.

Тезис мынадай: кіріспе, әдістер, нәтижелер мен қорытынды бөлімдерін қамтитын секцияларға бөліну керек.

Тезис конференцияның негізгі тілдерінде ұсынылғаны жөн.

Тезис мәтінінде суреттер, кестелер, әдебиет тізімі болмау керек.

Электрондық пошта арқылы жолдаған кезде секцияны көрсете отырып, файлдың атауы ретінде латиница тілінде жазылған бірінші автордың аты мен тегін пайдалануды сұраймыз.

Тезисті рәсімдеу үлгісін қосымшадан көруге болады.

 

Қысқартулар

Қысқартулар мәтінде алғаш рет аталғаннан кейін жақша ішінде келтірілу керек. Стандартты өлшем бірліктері түсіндіруді қажет етпейді.

 

 

ХАТШЫЛАР:

Мереке Ашықбаева: +77757992488, email: omninpct16@mail.ru

Диана Жумашева: +7 7752130008 email: 3ect2018@gmail.com

Қатысуға арналған өтінім ғылыми жұмыс авторларының біріне тезиске қоса берілген сілтемеге сәйкес жеке файл ретінде толтырылады.

Қатысуға арналған өтінім