Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
ЕГЕР СІЗ КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚСАҢЫЗ – ДОНОР БОЛЫҢЫЗ!
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы донорларды иммундық плазма тапсыруға шақырады!
Бұл қарапайым және қауіпсіз техникалық шара.
Біз COVID-19 шалдығып, стационарда ем алған және сауыққаннан кейін үй карантині біткен (емделуден шығарылғаннан кейін 14-28 күнге дейін) қазақстандықтарды іздейміз.
Сіз қауіпті ауруды жеңе алдыңыз – өтінеміз, өзгелердің жеңуіне де үлесіңізді қосыңыз! Әр адам маңызды, өйткені кез-келген адам донор бола алмайды.
Ыңғайлы болу үшін сізге көлік беріледі.
Әрбір донор – қаһарман! Қазіргі таңда бұл мәлімдеменің мағынасы айрықша тереңдей түсті.
Мекенжайымыз: Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы,
Нұр-Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібек хандар к-сі, 10,
Анықтама үшін телефон:
8 (7172) 54 33 00, ішкі нөмір 169, моб.: 8 777 006 32 92 (дәрігер-трансфузиолог – Эльмира Рашидқызы Копеева)
8 (7172) 54 33 00, ішкі нөмір 192, моб.: 8 771 375 02 10 (баспасөз хатшысы – Әсемгүл Рахымбайқызы Шарипова).