Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қан тапсыр-жүрекке із қалдыр. Алғыс айту күніне арналған донорлық акция.

Алғыс айту күніне орай Қан орталығы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК ШЖҚ– мен бірлесіп «Қан тапсыр-жүрекке із қалдыр» атты қан тапсыру акциясын өткізді.
Мұндай акциялар мекемеде жылына бірнеше рет өткізіледі, өйткені қан тапсыру – бұл бір реттік акция ғана емес, дүниетанымды түбегейлі өзгертетін және өз көмектерінің маңыздылығын сезінуге көмектесетін өмір салты.
Барлық қызметкерлерге мейірімді жүректері, ұжымның бірлігі және донорлық қозғалысқа қатысуға жауапты көзқарасы үшін алғыс білдіреміз.

#менқандонорымын#қандонорлығы#астанадонор#қантапсырөмірсыйла#донорлықакция#алғысайтукүні