Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«REDLINE» еріктілері қан және сүйек кемігінің донорлығы бойынша оқудан өтті

 

2025 жылғы 23 ақпанда Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының «REDLINE» еріктілері «Қан донорлығы: маңыздылығы, пайдасы және оның қоғамдағы рөлі» атты семинарына қатысты. Оқыту еріктілердің донорлық саласындағы жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.

Семинардың негізгі тақырыптары:

✔ Қан және оның компоненттері донорлығының негіздері: маңыздылығы, пайдасы, негізгі аспектілері.

✔ Донорларды қалайша ынталандыруға болады және одан бас тартумен жұмыс істеудің жолдары.

✔ Сүйек кемігі донорлығының (ГДЖ) негіздері: түсінігі, мәні және және донорлардың рекрутингі.

✔ Қан донорлығын дамытудың заманауи әдістері: PR-науқандар және әлеуметтік желілерде ілгерілету.

 

Оқудан кейін қатысушылар «Донор жолы» экскурсиясынан өтті, мұнда олар донациялау процесімен танысып, қан компоненттерін алу және дайындау қалайша жүргізілетінін өз көздерімен көрді.

Басқарма төрағасы Сания Абдрахманова еріктілерге белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді, ал қатысушылар өз кезегінде донорлық қозғалысты дамытудың идеяларын ұсынды.

Қан және сүйек кемігінің донорлығы – бұл басқа біреуге жаңа өмір сыйлаудың таптырмас мүмкіндігі. Алда еріктілермен жұмыс жүргізіліп, жаңа қызықты жобалар іске асатыны жоспарлануда.

Жаңалықтар