Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қоғаммен байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Шарипова Әсемгүл Рахымбайқызы,

бөлім бастығы

 

 

 

Қазақстандағы жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта жаңғыртулар қоғамның өмір сүру қағидасын түбегейлі өзгертті. Қазіргі уақытта қоғам пікіріне үлкен көңіл бөлініп, мән бере бастағанын уақыт дәлелдеп отыр. Осыған орай қоғамдағы кеңінен таралған қордаланған мәселелерді шешуде әлеуметтік жұмыстар амортизатор / қызметін атқарып, нәтижелерін жеңілдететін жаңа белестерді бағындырады.

Қоғаммен байланыс немесе “паблик рилейшинз” – әлемде үкіметпен мемлекеттік қызметтің жұмысындағыбасқару шекарасын ұлғайтуда басты ролді атқарып, іскерлік қатынастың маңызды элементі ретінде танылған.Бүгінде әрбір өзін дәріптейтін құрылымдарда, мекемеларда, компанияның жеке штатында осы саланың менеджерін немесе маманын ұстайды, кейбір мекемелерде қоғаммен байланыс бөлімі жұмыс жасайды. Осындай бөлім біздің Орталықта 2015 жылдың ақпанында құрылды. Қазіргі уақытта оның штаттық құрамында 4 қызметкер бар.

 

Бөлім функциясы:

  •  орталықтың қоғаммен байланыс және халықаралық ынтымақтастық саласындағы ішкі және сыртқы саясатын ұйымдастыру тұжырымдамасын дайындау;
  • орталықтың қоғаммен байланыс және халықаралық ынтымақтастық саласындағы саясатты жүзеге асыруға бағытталған ағымдағы және келешектегі бағдарламасын құру;
  • мекеме басшылығын басқа мекемелермен, әртүрлі қоғамдық топтармен, баспасөз ақпарат құралдырымен өзара екіжақты байланысты қамтамасыз ету;
  • орталықтың қызметі туралы ақпараттық-жарнамалық материалдарды тарату;
  • орталықтың мүддесіне әсер ететін қоғамның ой-пікірінің негізгі факторлары бойынша зерттеулер жүргізу;
  • мекеменің web-ресурстарының жұмыстарын және басқа да ақпараттық материалдарын басып шығаруды қамтамасыз ету;
  • ТҒӨО құрылымдық бөлімдерімен бірге ақпараттық қорғау және бөлімшелер арасында тиімді ақпараттық байланыс орнату бойынша орталықтың имидждік стратегиялық саясатын жоспарлауға және жекелеген іс-шаралар ұйымдастыруға қатысу;
  • өтеусіз донорлығын дамытуды насихаттау бойынша БАҚ және басқа да мекемелермен, құрылымдармен тығыз байланыста болу.